Ақтөбе облысының Байғанин ауданында үздік лаборант анықталды

Ақтөбе облысының Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен алғаш рет мектеп лаборанттары арасында «Үздік лаборант-2022» байқауы өтті.

Білім беру ұйымдарындағы лаборанттардың кәсіби біліктілігін арттыру, үздік мамандарды анықтайтын сайысқа 15 лаборант қатысып, бақ сынады.

Нәтижесінде А. С. Пушкин атындағы орта мектебінің лаборанты Ержан Тобыш бас жүлдені жеңіп алса, бірінші орынды Т. Жармағамбетов атындағы орта мектебінің лаборанты Арайлым Жұматова иеленді. Жүлделі екінші орынды Жарқамыс орта мектебінің намысын қорғаған Жаннұр Қалданова иеленсе, үшінші орынды Қарауылкелді орта мектебінің лаборанты Жаннат Сагизова жеңіп алды.

Қалған қатысушылар да өздерінің білімі мен тәжірибесінің жоғары деңгейде екенін көрсетіп, түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттарға ие болды. Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарды білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Дербісов құттықтап, сыйлықтарды тапсырды.