“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің қәсіптік одағы” ҚБ Ақтөбе облысы филиалының ұйымдастыруымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен қысқы спорт түрлері бойынша мәдениет және спорт қызметкерлері арасында жарыс өтті.
Биылғы додаға Ойыл, Қобда, Қарғалы және өзге де алыс аудандардан жалпы 30 команда қатысты.
Ашық күн, таза ауа-райы, қатысушылардың көтеріңкі көңіл күйі – жарысқа керемет атмосфера сыйлады.
Жарыс натижесінде қалалық Мәдениет уйі және облыстық бокс мектебінің командалары бас жүлдеге ие болды.
1 орынды Нокин мәдениет үйі, Батамша спорт мектебі алды. 2 орын “Алақай” қуыршақ театры, “Геолог” мәдениет үйі, Жастар спорт мектебі, қалалық спорт бөліміне бұйырды. 3 орынды Н. Байғанин атындағы кітапхана, ”Құрайлы” мәдениет уйі, тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы, “Достық”, Қобда, № 2 спорт мектептері иеленді.
Жарысқа қатысқан барлық бастауыш кәсіподақ командалары дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.