«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының қолдауымен Павлодар қаласының тир базасында Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасында оқ атудан облыстық біріншілік турнир өтті.
Оқ ату – бұл пневматикалық, кіші калибрлі және ірі калибрлі мылтықтар мен тапаншалардан жасалған оқпен атылатын атыс спортының бір түрі.
Жарысқа қатысушылар пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтықта атуды орындады. Турнирге қатысушылар арасында жеке және командалық біріншілік өткізілді. Жарысқа барлығы 17 команда қатысты (32 ер адам және 30 әйел адам). Жарыс көшбасшылардың жиі ауысуымен қызу өтті. Әр команда өз қатысушысы үшін шынымен алаңдады. Әрине, толқулар мен көңіл түсіретін жайттар болды.
Нәтижесінде командалық есепте ерлер арасында бірінші орынды 46 ұпай жинаған Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығының командасы, екінші орынды 37 ұпаймен Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының командасы, үшінші орынды 34 ұпаймен Май аудандық ауруханасының командасы алды.
Жеке есеппен Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығының командасынан 41 ұпай жинаған Д.Будков топ жарса, Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасынан 27 ұпай жинаған Ж.Қуанбаев екінші аталды, ал үшінші орында 23 ұпай жинаған Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының командасы ұсынған Е.Янкин болды.
Әйелдер командалары да жақсы нәтижелер көрсетті. Әйелдер арасында бірінші орынды 81 ұпай жинаған Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы, екінші орынды 58 ұпаймен Павлодар қаласының № 3 емханасының командасы және үшінші орынды 57 ұпаймен Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының командасы иеленді.
Жеке есепте 43 ұпай жинаған Май аудандық ауруханасының командасынан М.Рүстемова бірінші орын алды, екінші және үшінші орында – Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы ұсынған Д.Мақабаева (42 ұпай) және А.Нұркенова (39 ұпай).
Жеңімпаздарға «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының Құрмет грамоталары, спорттық дүкеннің кубоктары мен сертификаттары табысталды.