Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Солтамбековтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиналысқа Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Т.Күнәділов қатысты.
Күн тәртібінде «Әбу-Даби-Плаза» құрылысын салып жатқан “Arabtec Consolidated Contractors Limited” компаниясындағы жұмысшылардың жалақысының теңсіздік мәселесі сөз болды. Белгілі болғандай, Арабтэк компаниясына аутсорсинг келісім шартпен қызмет көрсетіп жатқан мекемелердің жұмысшыларының жалақысы штаттағы қызметкерлерден жоғары екен.
Бұл компания жұмыскерлері арасында наразылық туғызып отыр. Соған орай Н.Солтамбеков аталған компанияның мердігерлерімен бейнебайланыс арқылы жалақыны көтеру мәселесін талқылап, қарастырды.
Сонымен қатар, жалақы бойынша берешегі бар банкротқа ұшыраған кәсіпорындарда еңбекақыны төлеу бойынша мәселе қаралып және ахуалдық орталықтың мониторингідегі кәсіпорындардың басшыларының есебі тыңдалды.