Қазалыда бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісіне әріптестері құрмет көрсетті

Өмірін өнермен байланыстырған, 40 жылдан аса аудан халқына қызмет жасаған мәдениет қызметкері, қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Бижан Құрманбайды әріптестері ерекше құрмет білдірді.

Қызылорда облысының Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұжымы сала майталманын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Бижан Тайжанұлының шығармашылығына арналған кеште сала ардагерлері, замандастары, ізбасарлары бас қосып, бірге жұмыс істеген кездерінен керемет естеліктер айтып, мерейлі жас иесіне ізгі тілектері мен ыстық лебіздерін жеткізді.

Бижан Тайжанұлы өзі еңбек еткен Әйтеке би кенттік клубының бастауыш кәсіподақ ұйымын қоғамдық негізде 15 жылға жуық басқарып, жұмыскерлердің еңбек құқығы мен мүддесін қорғауда құзыреттілік танытып, әріптестері арасында жоғары беделді көшбасшы, ұжым ынтымағы мен бірлігінің ұйытқысы бола білді.

Қызылорда Мәдениет саласы кәсіподағы