Қоғамдық қабылдау: оң нәтиже бар

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Кәсіподақ үйі» ғимаратында орналасқан ҚРКФ Заң клиникасының филиалында Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Д.Айтжанова және ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Ивановамен кезекті азаматтарды қабылдау өтті.

Қабылдауға Павлодар облысы кәсіпорындарының бірінің қызметкері үстеме жұмыстарды орындауға тартуды және оларға ақы төлеуді құқықтық реттеу туралы қажетті заң консультациясын алу үшін жүгінді.

Өтініш берушіге ҚР Еңбек кодексінің 77-бабына сәйкес үстеме жұмыстарға тартуға жекелеген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол берілетіні түсіндірілді.

Жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер, он алты жасқа толмағандар, мүгедектер үстеме жұмыстарға жіберілмейді. Жағдайды егжей-тегжейлі талдау кезінде қызметкердің үстеме жұмыстарға тартуға тыйым салынған санаттарға жатпайтындығы анықталды. Алайда қызметкер жұмыс берушіге үстеме жұмыстарға тарту туралы жазбаша келісімін берген жоқ, келісім туралы өтініш берген жоқ.

Оны үстеме жұмысқа тарту үшін оның ауруына байланысты қызметкердің болмауы негіз болды.

ҚР Еңбек кодексінің 77-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін жұмыс беруші жұмыскерді жұмысқа жіберуге құқылы.

Өтініш берушіге ҚР Еңбек кодексінің 78-бабына сәйкес үстеме жұмыстар тәулік ішінде екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (қауіпті) жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс екендігі түсіндірілді.

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына 12 сағаттан, ал жылына 120 сағаттан аспауы тиіс.

2022 жылғы 15 ақпанда өтініш беруші заң клиникасында кеңес алғаннан және оның жұмыс берушімен әңгімелесуден кейін үстеме жұмыстарға көбірек тартылмағаны, үстеме жұмыстарға ақы төлеу мөлшері ҚР Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес бір жарым мөлшерде төленгені туралы хабардар етті.