Ерлікке құрмет – елдік міндет

“Astana POLYTECHNIC жоғары колледжінде” Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Ауғанстан. Жанды естелік: ұрпақтар диалогы” атты патриоттық-тәрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шара тағдырлары “Astana POLYTECHNIC жоғары колледжімен” байланысты түлектер, Ауғанстан аумағындағы өзінің интернационалдық парызын орындай отырып, қаза тапқан жауынгерлер Александр Аверин, Олег Руден, Шаймұрат Құлмағамбетовті бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Содан кейін РЭТ-21-2Б тобының студенттеріне колледжде еңбек жолын жалғастырған ауған жауынгері Ильдус Фасхутдинов есте қалған оқиғаларымен бөлісті. Жауынгердің естеліктері балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Білім алушылар ардагерге сұрақтар қойып, қатысушылар өз пікірлерін білдірді.

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Раушан Даулетбаева өз сөзінде: «Ауған соғысы ардагерлерімен өскелең ұрпақтардың осындай кездесулері колледж студенттерінің бойында патриоттық сананы, азаматтық парызды қалыптастыруға ықпал етеді. Ардагер-жауынгерлерді құрметтеу біздің борышымыз», – дей келе, И. Фасхутдиновке алғысын білдірді.

Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Роза Бралина жауынгер-ардагерге сыйлық табыс етті.