Кәсіподақ Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті

«Ынтымақ» салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалына қарасты «Синопэк Ақтөбе» серіктестігі жұмысшыларының бастауыш кәсіподақ ұйымы Ауған соғысы ардагерлерін құттықтады.

Бастауыш ұйымда екі Ауған соғысы ардагері жемісті еңбек етуде. “Олардың ерлік істері, туған жерге деген адалдығы мен Отан алдындағы парыздарын абыроймен орындаулары жастар үшін патриотизмнің нағыз үлгісі бола бермек”, – деп атап өтті бастауыш ұйым жетекшісі А.Нұрпеисов.

Оларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар тарту етілді.

1989 жылдың 15 ақпаны күні Кеңес әскерлері (40-шы армия және оған жіберілген бөлімшелер) Ауғанстан аумағынан шығарылды. 1979 жылдың 25 желтоқсанында КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін кіргізуге шешім шығарылды.

Ал Қазақстаннан 22 мыңнан астам жауынгер тартылды, оның 889-ы қазаға ұшырады, 30-ға жуығы хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Және де 3 мыңнан астам қазақстандық Ауған соғысынан мүгедек болып оралды.