Павлодар облысының кәсіподақтары 2021 жылғы жұмыстарын қорытындылады

16 ақпанда Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиеваның қатысуымен Павлодар облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында Павлодар облысы кәсіподақ орталығының төрайымы Динара Айтжанова атқарылған жұмыс жайында баяндама жасады.

Оның мәліметінше, өңірдегі кәсіподақ қызметін Облыстың кәсіподақ орталығы, 17 салалық қоғамдық кәсіподақ бірлестігі, 1 230 бастауыш кәсіподақ ұйымы жүзеге асырады. Олардағы кәсіподақ мүшелері 135 мыңнан астам адам.

«Өңірдің әрбір үшінші жұмыс істейтін тұрғыны кәсіподаққа сенім артады және өзі бастауыш ұйымның мүшесі. Кәсіподақтың барлық жұмысы кәсіподақтар  құрылымының басты тізбегі – бастауыш кәсіподақ ұйымын қолдайтын басым бағыт ретінде құрылды», – деп атап өтті Динара Айтжанова.

Былтыр Кәсіподақ орталығы нақты сектордағы 34 ірі кәсіпорынның басшылығы және ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізді.

Павлодар облысы Кәсіподақ орталығы білікті арттыру және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға айрықша көңіл бөледі.

«Кәсіподақ оқытуының саны мен сапасы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Егер 2020 жылы 1 700 еңбеккер оқумен қамтылса, 2021 жылы 8 500 еңбеккер оқытылды, ол кейінгі жылдың көрсеткіші төрт есеге артты», – деп атап өтті Кәсіподақ орталығының төрағасы.

Павлодар облысы ұжымдық шарт жасаудан Қазақстанның көшбасшы  үш өңірдің қатарына кіреді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ұжымдық шарттармен қамтылуы 6 332 немесе 96,9% жетті, олардың ішінде 1 230 кәсіпорында кәсіподақтар істейді.

Динара Айтжанованың айтуынша,  Кәсіподақ орталығы олардың мазмұны сапасын жетілдіру үшін ауқымды жұмыс жүргізді. Үздік ұжымдық шарттар тәжірибесі талданды, ұжымдық-келісімдік реттеу мәселесіне қатысты 6 диалог алаңы ұйымдастырылды.

«Ұжымдық шарт мазмұны еңбек заңнамасының нормаларын қайталайтын формальды болмауы қажет. Қазіргі уақытта бір де бір мемлекеттік орган ұжымдық шарттардың депозитариін қалыптастырмайды, бұл шешілуі тиіс»,- деді Динара Айтжанова.

Өндірістік жарақат деңгейі  жөніндегі ахуал кәсіподақтардың айрықша назарына алынған. 2021 жылы облыстағы кәсіпорындарда 107 қайғылы оқиға болып, онда 114 адам зардап шекті.

Сонымен қатар, Динара Айтжанова 2021 жылдың қараша айынан бастап облыста 2021-2023 жылға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады.  Облыстың 107 кәсіпорыны еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау стандарттарын енгізген.

Облыстағы кәсіпорындарда 840 өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың құрамында 1 223 техникалық инспектор қоғамдық бақылау жүргізеді.

«Өнідіріске тікелей қатысты «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мен «Қазхром» ТҰҚ» АҚ Ақсу ферроқортпа зауыты Қайғылы оқиғалардың алдын алу жол картасын әзірлеп, қабылдағанын атап өтеміз. Қазіргі таңда өндірістік жарақат көрсеткіші аталмыш кәсіпорындарда нөлдік деңгейде тұр», –  деді Д.Айтжанова.

Павлодар облысы кәсіподақ орталығының жұмысында Келісім комиссиялары мүшелерінің құқықтық сауатын арттыруға айрықша мән берілген.

Спикер былтыр Кәсіподақ орталығы келісім комиссияларының 2 мыңнан астам мүшесін оқытқанын атап өтті.

Отырыс барысында Павлодар облысы  Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы Гүлбарам Наурызбаева, Павлодар облысы салалық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Павел Сурма, Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Павлодар облысы филиалының төрағасы Рафаил Сабаров, «Батыр көмір» жергілікті кәсіподақ төрағасы Сергей Михайлюк, «Yntymaq» кәсіподағы Павлодар облысы филиалының төрайымы Гүлзира Атабаевалар тақырыпқа қатысты баяндама жасады. Спикерлер баяндамасы барысында өңірлік және республикалық деңгейде шешімі табуы тиіс кәсіподақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді атап өтті.

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева жиында сөйлегендерді тыңдап шығып, Павлодар облысы Кәсіподақ орталығының жұмысын жоғары бағалады.

«Павлодар облысының кәсіподақтары ұдайы озық тәжірибе көрсетеді, кейін ол  барлық республикаға таратылады. Бұл барлық саладағы кәсіподақтарға қатысты», – деп атап өтті Гүлнар Жұмагелдиева.

Ол қатысушыларға 20 қаңтарда Республикалық үшжақты комиссия отырысында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы жария еткен ұсыныстар туралы айтып өтті.

«Бұл еңбекке ақы төлеу жүйесіне, жалақыны  индексациялау, ең төменгі жалақыны белгілеу кртитерилері, уақытша еңбекке жарамсыздық  берілетін жәрдемақы көлемін қайта қарау, салалық коэффиценттерді реттеу, сондай-ақ еңбеккерлердің кәсіпорынды басқаруына қатысуы жөнінде», – деп нақтылай кетті Гүлнар Жұмагелдиева.

Осымен бірге, ол Республикалық үшжақты комиссия отырысында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының қабылданғанын атап өтті. Оның нормалары кәсіподақтарға еңбекті қорғау жүйесін басқару үдерісіне нақты қатысуына мүмкіндік береді.

Гүлнар Жұмагелдиева 9 ақпанда Үкімет отырысында ҚР КФ төрағасының көтерген бастамалары туралы мәлімет берді.

«Кәсіподақтар федерациясы Үкімет алдында еңбек заңнамасын қайта қарап, ереуіл өткізу үдерісіне қатысты бөлігін жеңілдету қажеттілігі мәселесін көтерді. Екінші мәселе – қазіргі таңда көптеген ұжымдық шарттарды кәсіподақтар жасамайды, ал еңбеккелер өкілдері жасайды. Еңбек дауларын тиімді шешу үшін еңбек консультацияларын жүргізу қажет. Кәсіподақтармен жұмыс берушінің консультациялар жүйесі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді», -деді ҚР КФ төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Федерация төрағасы мемлекеттік еңбек инспекциясын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру және мемлекеттік инспекторлар санын арттыру, олардың құызыреттерін заңнама бойынша көбейту туралы мәселені қарауды қайта ұсынды.

Гүлнар Жұмагелдиева әлеуметтік әріптестік жылы аясында кәсіподақ қызметінің бірқатар басым міндеттерін атап өтті.

Кәсіподақ ұйымдарын еңбеккерлерлің мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде ауқымды жұмыс күтіп тұр.

Еске сала кетсе, 2022 жылды Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік әріптестік жылы деп жариялаған.   Оның аясында еңбек заңнамасын жетілдіру, жалақыны көтеру және жұмыс істеуге жайлы жағдай жасауға қатысты бірқатар шараны жүзеге асыру жоспарланған. Жыл соңында «Үздің әлеуметтік әріптес», «Үздік ұжымдық шарт» байқауларының жеңімпаздары анықталады.