Қызылордада «YNTYMAQ» кәсіподағының төрағасы сайланды

«YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасы болып Дәулет Ізбасарұлы сайланды.

Дәулет Ізбасарұлы 10 тамыз 1992 жылы дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысының Әділет департаментінде іс жүргізуші жұмысынан бастап, 2011-2016 жылдар аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында, Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық сотында, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында маман, жетекші маман, бас маман, сот отырысының хатшысы болған. 2016-2020 жылдар аралығында Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Қызылорда облысының Заң консультанттар палатасының төрағасы, Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығының директор орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бастап «Әділет» Дара кәсіпкері, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, жергілікті тауар өндіруші болды.