Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кезекті апталық жиналысы барысында әлеуметтік әріптестік жүйесінің рөлін жетілдіру және күшейту мәселесі талқыланды.
Әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алуда, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің келіссөздер нәтижелілігін арттыруда кәсіподақтар жүйесінің жауапкершілігі басым екендігін қазірде кәсіпорындарда қалыптасқан еңбек ахуалдары айқындауда. Облыстағы кәсіподақ көшбасшылары жиында жұмыскерлер үшін еңбек және әлеуметтік кепілдіктер туралы ережелерді белгілеу тұрғысынан өңірлік салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарға мазмұнды талдау жүргізу бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Аталған бағыттағы жұмыстар талданып, кәсіподақтар орталығына ұсыныстар енгізу, ақпаратпен бөлісу пысықталды.
Еске сала кетсек, облыс көлеміндегі кәсіпорын мен мекемелерде 5827 Ұжымдық шарт тіркелген, оның 1021-інде кәсіподақ ұйымы бар.