«Өзгерісті өзіңнен баста!» республикалық еңбекші жастар форумы өз жұмысын бастады

Жастардың сана сезімiнде еңбекке сүйіспеншіліктi қалыптастыру, қоғам өзгерiсiндегi жастардың ролiн айқындау мақсатында «ӨЗГЕРІСТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!» республикалық еңбекші жастар форумы өз жұмысын бастады.

Ақмола облысындағы “Щучинский” санаторийi аумағында елiмiздiң барлық аймағынан 70-ке жуық еңбекші жастар көшбасшылары жиналды. Форумның ашылуымен қатысушыларды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев және жастар ісі жөніндегі Кеңестің төрайымы Дария Хамитжанова құттықтады.

Кәсіподақтар федерациясының “Келешек” жастар кеңесінiң мүшелері Қали Сабржан,  Арнұр Тұяқов,  Айнұр Абильдинова, Нұрсұлтан Исенгалиев,  Дiнмұхаммед Шалабаев,  Ерғали Косумов өз пікірлерімен бөлiсiп, кәсіподақтағы цифровизация, жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамдық негізде қызмет жасайтын көшбасшылар жауапкершілігі туралы мәселелердi көтерді.

Сондай-ақ, еңбекші жастар «Коммуникацияның заманауи әдістері. Жеке бренд» тақырыбындағы семинарға қатысуда. Семинардың тәжірибелі спикерлері – журналист-инвервьюер Абай Тіленшиев, «Qasqa jol» Youtube жобасының авторы және коммуникация және қоғаммен байланыс саласындағы сарапшы Махаббат Демесенова болды.