Жас келсе – іске

Бүгін “Кәсіподақ көшбасшысы” айдарын Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Оралбеков Алимжан Асылханұлы толықтырады.

2017 жылы Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері үлкен сенімділік білдіріп, Алимжан Асылханұлы кәсіподақ комитетінің төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Ол – кәсіподақ көшбасшысы ретінде ұжымда өз абыройымен, өнегелі ісімен ықпал ете білетін, елдің жанашыры болып көптеген әріптестеріне көмегі тиген кәсіподақ өкілі.

Алимжан Асылханұлы еңбек жолын 2012-2017 жылдары Алматы технологиялық университетінде көркемдік жетекшінің орынбасары қызметінен бастаған. Кәсіподақ жұмысында белсенділік танытып, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының “Алғыс хатымен”, ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрайымының “Құрмет грамотасымен”, “Үздік кәсіподақ ұйымы” номинациясының жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы “Jas Otan” жастар қанаты атқарушы хатшысының “Алғыс хатымен”, Елбасы “Nur Otan” партиясы төрағасының “Алғыс хатымен”, “Nur Otan” партиясының бірінші орынбасарының “Алғыс хатымен” марапатталған.

Бүгінде Алимжан Асылханұлы кәсіподақ ұйымының төрағасы ғана емес, әріптес – дос, кеңесші, тәлімгер, жас болса да келешегі зор қызметкер.