Кездесуде әлеуметтік әріптестік мәселелері қозғалды

“Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен 2022 жыл “Әлеуметтік әріптестік жылы” деп жариялануына байланысты жұмысшылардың еңбек қатынастарын және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бағытында атқарылатын бірқатар жұмыстар мен аудандағы кәсіподақ қозғалысын дамыту, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру туралы мәселелер талқыланды.