Щучинск қаласында өткен «Өзгерісті өзіңнен баста!» республикалық жастар форумында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин еңбекші жастармен кездесті.
Екі күнге созылған іс-шараға «30 Еңбек елшісі» жобасының жеңімпаздары, барлық өңірлерден келген «Келешек» облыстық және салалық жастар кеңесінің төрағалары, кәсіподақтардың жастар саясатына жауапты азаматтар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша сұрақ қойып, кәсіподақтың қызметіндегі жастар мәселесі бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Федерацияның Жастар ісі жөніндегі кеңесінің төрағасы Дария Хамитжанова форумның жұмысы барысында жас кәсіподақ көшбасшылары атынан барша Қазақстанның еңбекші жастарына «Өзгерісті өзіңнен баста» деген ұранмен үндеу жарияланғанын атап өтті.
Жастар төрағадан аға буынның тәжірибесі мол екендігін алға тартып, кәсіподақ қозғалысының жас мүшелеріне қандай ақыл-кеңес беретінін сұрады.
«Өзіңдеріңізге сенімді болыңыздар, талап қоя біліңіздер, күштеріңізді артық бағаламаңыздар. Үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ түру керек, алайда оны сыни пайым тезінен өткізу керек. Өздеріңіз барлығын бастан кешіріңіздер содан көп сабақ аласыздар. Біз жастарға мол мүмкіндік ашатын өзгерістер дәуірінде тұрмыз. Жастар қауымы қазіргі сын-қатерлерді жеңіл еңсересіздер. Сіздер басқаша ойлайсыздар, цифрландыру жағын жақсы меңгергенсіздер. Сіздердің болашақтарыңыз алда. Кәсіподақтың жас өкілдері ретінде сіздер кәсіподақтың – әлеуметтік әділеттілікке ұмтылатын басты тұжырымын естен шығармаңыздар», – деді ҚР КФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.
Төрағаның пікірінше, Жаңа Қазақстанды құру жолында кәсіподақ алдыңғы қатарда болуы тиіс.
Қазіргі уақытта Кәсіподақтар федерациясы осыған қатысты бірқатар іс-шараны қолға алған. Ол елімізде лайықты жалақы төлеу, яғни, тұрғындардың табысын арттыру. Сондай-ақ, төменгі жалақы мөлшерін реттеу тетіктерін жетілдіру.
Ол жас кәсіподақ қозғалысы көшбасшыларының қызметін өз бастауыш ұйымдарында жандандырудың маңызды екенін атап өтті.
Бұдан кейін Кәсіподақтар федерациясының «30 Еңбек елшісі» республикалық жобасының жеңімпазы, Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Байзақ аудандық филиалы комитетінің төрағасы Елнұрбек Ермеков «30 Еңбек елшісі» жобасын жалғастыруды ұсынды. Сонымен қатар ол кәсіподақ ұйымының мүшелік базасын кеңейту, кәсіподақтың жас буындарының қатарынан кадр резервін әзірлеу мақсатында жыл сайын ынталандыру айлығын өткізуді ұсынды.
Бұдан кейін сөйлеген Павлодар облысындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургиялық өндіріс кранының машинисі Зарина Әбікенова өз жұмысының ерекшелігін айтты.
«Мен 8 жылдан бері Ақсу ферроқорытпа зауытының балқыту цехындағы кран машинисімін. Менің кәсібім аса мұқият болуды, жоғары дәлдікті, біліктілікті талап етеді. Біз 100 метр шамасында биікте жұмыс істейміз. Осы салада істейтін әйелдерді сирек кездестіресіз. Мен 2014 жылдан бері сол зауытта жұмыс істеп қана қоймай, кәсіподақ ісіне белсене араласып келемін. Кәсіподақ орталығы жанындағы Павлодар облысы еңбекші әйелдер құқығы жөніндегі комиссияда біз еңбек жағдайына қатысты мәселелерді көтереміз. Мен осы форум секілді талқылау алаңы болғанына ризамын. Кеше Мәжіліс депутатымен кездесуде біздің мамандықтағы жұмысшылардың зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты сұрақты көтердім. Ұйымдастырушыларға осындай талқылау алаңы үшін алғыс айтқым келеді», – деді Зарина Әбікенова.
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин осындай ауыр жұмысты істеп жүрген нәзік жандыларға құрметі ерекше екенін атап өтті.
Бұдан кейін қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Алматы әуежайындағы көптеген жолаушыны қауіпсіз жерге шығарып үлгеруге көмектескен Әлібек Құрмантай сөйледі.
Ол 2014 жылдан бері «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, әрі осы әуежайдағы жергілікті кәсіподақтың Атқарушы комитетінің мүшесі.
Одан кейін, Qasqa jol Youtube каналының авторы Абай Тіленшиев, «30 Еңбек елшісі» жобасының жеңімпазы, Атом өнеркәсібі еңбеккерлері салалық кәсіподағы Жастар кеңесінің төрағасы Айзара Юсупова сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті.
Еске сала кетсек, іс-шара екі күнге жалғасты. Форум алғашқы күні кәсіподақ жастарын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев қарсы алды, ол өз сөзінде жастарды кәсіподақ қызметіне тарту және белсенділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Содан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Кәсіподақтар федерациясының Сарапшылық кеңесінің төрағасы Екатерина Смышляеваның қатысуымен «Депутатқа 100 сұрақ» пікірталас алаңы өтті.
Екі күнде жастар креативті тәжірибе алмасып, кәсіподақ қозғалысының өзекті мәселелерін талқылап, коммуникацияның заманауи әдістері үйренді. Еңбек дауын шешу, жастардың маңызды әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге қатысуы секілді тренигтерге қатысты.
Екі күнде жастар креативті тәжірибе алмасып, кәсіподақ қозғалысының өзекті мәселелерін талқылап, коммуникацияның заманауи әдістері үйренді. Еңбек дауын шешу, жастардың маңызды әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге қатысуы секілді тренигтерге қатысты.