Қабылдауда айтылған мәселелер аяқсыз қалмайды

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары О.Кругтың азаматтарды қабылдауына «Павлодарэнерго» энергетика қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев қатысты.

Қабылдауға «ПРЭК» АҚ үйішілік желілері қалалық кәсіпорнының қызметкерлері әлеуметтік пакетті алу мүмкіндігін жасау үшін қолданыстағы табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізуге, сондай-ақ тарифті көтермей кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын арттыруға көмек сұрап жүгінді.

Қабылдау барысында өтініш берушілерге қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді.

Қабылдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен диалогтық алаңда табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін талқылау туралы шешім қабылданды.