Павлодар қаласының Усолка шағын ауданының шаңғы базасында кешенді қалалық спартакиада шеңберінде медицина қызметкерлері арасында шаңғы жарысы бойынша турнир өтті.
Шаңғымен сырғанау — бұл ең кең таралған және қолжетімді қысқы спорт түрлерінің бірі. Жарыс FIS ережелері бойынша ерлер мен әйелдер командалары арасында эстафета түрінде өткізілді (ерлер үшін 2,5 км және әйелдер үшін 2 км қашықтық). Жарысқа барлығы 26 қатысушыдан тұратын 8 команда қатысты.
Медицина қызметкерлері өздерінің қатысуымен, жеке үлгісімен салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын, командалық рухты, ұжымшылдықты, ұйымшылдықты көрсетті. Қысқы ауадағы белсенді қозғалыс — бұл тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесі үшін керемет жаттығу.
Павлодар медициналық жоғары колледжінің, облыстық психикалық денсаулық орталығының, Павлодар қ. № 3 емханасының, «Профимед» МО және т.б. өкілдері белсенді қаысты және жақсы нәтижелермен марапатталды.
Ерлер арасында Павлодар қаласының №3 емханасының, Павлодар медициналық жоғары колледжінің, облыстық психикалық денсаулық орталығының, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухана өкілдері көзге түсті. Жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен медальдар табысталды.
Медицина қызметкерлері арасындағы шаңғы жарысы бойынша облыстық біріншіліктің қатысушылары, ұйымдастырушылары мен қонақтары таза ауадағы қысқы спорттық іс-шараның сөзсіз оң әсерін атап өтті, себебі спорттық трофейлер, кубоктар ғана емес, сондай-ақ сергектік, командалық рух және, әрине, ұйымшылдық маңызды!
Аязды күннің шуақты ауа-райы, салауатты рух және қатысушылардың жақсы көңіл-күйі салауатты өмір салты — денсаулықты қорғаудың ең жақсы әдісі екенін тағы да дәлелдейді!