Салалық кәсіподақтың жылдық жұмысы қорытындыланды

Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалы кеңесінің отырысы онлайн форматта өтті.

Отырыста Филиалдың 2021 жылғы жұмысының қорытындысы баяндалып, қызметкерлердің еңбекақысы мен әлеуметтік кепілдіктерін арттыруға қатысты Салалық келісімді іске асыру бойынша ұйымдастыру мәселелері қаралды.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Филиал жалпы саны 5000-нан астам кәсіподақ мүшесі бар 17 ұйымды біріктіреді. Есептік кезеңде екі жаңа ұйым құрылды: “Елорда құрылыс компаниясы” ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы және “Elorda Eco System” МКК.

Ұйымдағы өркениетті еңбек қатынастарының басты шарты – сапалы Ұжымдық шарттың болуы. Филиал ұйымдарында ұжымдық шарттармен қамтылуы 94%-ды құрайды.

Мүшелік ұйымдар Ұжымдық шарт арқылы жыл сайын жалақыны индекстеуді (арттыруды) жүргізуге қол жеткізеді, мысалы, “Arabtec ССL” ФК-да 2021 жылы жұмыскерлердің жалақысын жұмыс өтіліне байланысты ішінара 5%-ға арттыруға; “Астана су арнасы” МКК-да 25%-ға; “Астана-Зеленстрой” ЖШС-де 8%-ға; “Астана-Тазалық” ЖШС-де 2021 жылғы шілдеден бастап 30%-ға және 2022 жылғы қаңтардан бастап 10%-ға; “Астана Теплотранзит” АҚ-да 2022 жылдан бастап 6%-ға артты.

Салалық кәсіподақ филиалы Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте!» Стратегиясын жүзеге асыруға, кәсіподақ жұмысын жетілдіруге белсене қатысады.

Филиал алдында тұрған басым міндеттердің қатарында еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, жұмыскерлердің табысы мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шаралар белгіленген.