«Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға арналған семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңестің мақсаты – жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу болып табылады. Оған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбекті қорғауға жауапты қызметкерлері қатысты.
«Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев ұйымдағы еңбекті қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға және осы семинардың маңыздылығына тоқталды.
«Әділет» Кәсіподағының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Динара Токбалина Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты талаптары, атап айтқанда: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңес құру; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық ішкі бақылауды ұйымдастыру кезінде техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері туралы айтты.
Семинарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру және ұжымдық шарттың, келісімнің орындалуы бойынша анықталған заң талаптарының жиі кездесетін бұзушылықтары талқыланды.
Қатысушыларға техникалық инспекторлардың күнделікті жұмысын ұйымдастыруға көмектесетін нақты ақпараттар ұсынылды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» республикалық байқауының және «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауының Ережелерін талқылады.
Тәжірибе алмасу мақсатында «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауының жеңімпаздары дайындаған жұмыстары көрсетілді.
Семинар-кеңеске қатысушылар өзара ақпарат алмасып, қойылған сұрақтарға жауаптар алды.