Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы аясында Ақсу қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы спорттың қысқы түрлері бойынша спартакиада өткізді. Жарысқа білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, педагогтер мен қызметкерлер қатысты.
Жарыс 2 кезеңнен тұрды: шаңғы жарысы және тюбингте сырғанау.
Тартысты күресте № 4, № 2 орта мектептер мен балалар шығармашылық үйінің командалары жүлделі орындарға ие болды. Ынталандыру сыйлығы «Айналайын» сәбилер бақшасының командасына берілді. Ал ерлер арасында жеке есепте Қызылжар ауылы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Рауф Хусаиновқа тең келетін қарсылас болған жоқ. Әйелдер арасында 1 орынды № 4 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Райхан Адамжанова жеңіп алды.
«Тюбингте сырғанау» жарысы бойынша Қызылжар ауылының орта мектебі, № 7 орта мектебі және № 2 орта мектебінің командалары үздік нәтиже көрсетті.