Бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер жалғасын табуда

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Оңтүстік жолдары» жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

Кездесуде төраға орынбасары қатысушыларға Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылдан бастау алған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп жатқан мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға, еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғауда, еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты.

Сонымен қатар, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.

Жиын соңында кәсіподақ мүшелері өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасып жауаптар берілді.

Айта кетейік, аталған мекемені Асылбек Умаралиев басқарады және мекемеде 163 еңбеккер жұмыс істейді. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелігіне кіреді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Тасболат Садибеков.