Кәсіподақ комитеті – еңбекшілердің еңбек құқығын қорғайтын, әлеуметтік кепілдіктердің орындалуына қол жеткізіп, ұжымдағы ахуалды жақсартатын бірден-бір ұйым. Ұжымды біріктіру, кәсіподақ мүшелеріне жанашыр болу – кәсіподақ комитетінің басты міндеттерінің бірі.
«Астана су арнасы» МКҚК кәсіподақ комитеті “Астана су арнасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастауыш кәсіподақ ұйымы өткен жылы атқарған жұмыс қорытындысын кәсіпорынның әлеуметтік желісінде жыл сайын жариялап отырады.
Бастауыш ұйым төрағасы Мұрат Темірболатов жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік-еңбек жағдайын жақсартуда белсенділік танытады. Кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек беру мәселелері бойынша кәсіподақ комитетінің отырыстары тұрақты түрде өткізіледі, оның хаттамалары жасалып, құжаттары тіркеледі.
«Астана су арнасы» кәсіпорнында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы тарапынан қызметкерлерге айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіліп отырады.