Кәсіподақ өкілдері әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселесін қарастырды

“Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округінің әкімі Абдиманат Бурбековпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен 2022 жыл “Әлеуметтік әріптестік жылы” деп жариялануына байланысты өңірдегі еңбеккерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге, ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, аудандағы кәсіподақ қозғалысын дамыту, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру туралы мәселелері талқыланды.