Астаналық цирктің бастауыш кәсіподақ ұйымына жетекші сайланды

«Астаналық цирк» МКҚК бастауыш кәсіподақ ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Оның жұмысына Салалық мәдениет және спорт қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымының заңгері М.Башарова мен кеңесшісі Ә.Саттаров қатысты.

Кәсіподақ комитетінің төрайымы, кадр қызметінің басшысы Анар Мусина ұжым қызметкерлерін 2017-2021 жж. кәсіподақ комитетінің атқарған жұмысымен таныстырды.

Астаналық цирк директоры Ерік Жолжақсынов өз тарапынан бастауыш ұйым төрағасының және салалық кәсіподақтың қызметіне жоғары баға беріп, сала қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға, соның ішінде цирк қызметкерлерінің мәселелерін шешуге ықпал ететін заңнамалық деңгейде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ М.Башарова мен Ә.Саттаров салалық кәсіподақтың ағымдағы жұмысы туралы түсіндірме берді, мұндағы негізгі мәселелер: жалақыны 2-3 есеге арттыру; инфляция деңгейіне қарай жалақыны индекстеуді белгілеу; мәдениет және спорт қызметкерлерінің мәртебесін анықтау, цирк әртістерінің зейнеткерлік жасын төмендету; біліктілік сипаттамаларын қайта қарау; қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер белгілеу болып табылады.

Өз кезегінде салалық кәсіподақ өкілдері де кәсіподақ комитеті мен оның төрағасы А.Мусинаның қызметіне жоғары баға берді. 2021 жылғы республикалық байқаудың қорытындысы бойынша елордалық цирктің бастауыш филиалы саладағы үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы атанды және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған байқауда 23 үздік бастауыш ұйымының бірі болып танылды. А.Мусина ҚР КФ-ның «Еңбек озаты» құрмет медалімен, ал ұжым «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» дипломымен және естелік мүсінмен марапатталды.

Баламалы негізде ашық дауыс беру нәтижесінде А.Мусина көпшілік дауыспен екінші мерзімге бастауыш ұйым төрағасы болып қайта сайланды. Әріптестері, кәсіподақ мүшелері оған өзінің туған ұжымы мен жалпы сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда одан әрі табыс тіледі. Өйткені А.Мусинаның көптеген ұсыныстарын Салалық кәсіподақ мәдениет және спорт саласындағы заңнамалық жобаларға енгізуде.

Анар Мусина әріптестеріне жоғары сенім білдіргені үшін, цирк басшылығына кәсіподақ ұйымына барлық бастамада қолдау білдіргені үшін алғысын білдіріп, ұйым мен саланың әлі де өзекті мәселелерін шешуде бірлік пен ынтымаққа сенім білдірді.