“Қалың қалай, бастауыш ұйым”: Энергетиктер әлеуметтік әріптестікті нығайту туралы сөз қозғады

Бейсенбі, 24 ақпанда «Қалың қалай бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева Шығыс Қазақстан облысындағы «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС-ның бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерімен онлайн кездесу өткізді.

Кездесуді ашқан Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов жұмысшы мен жұмыс берушінің қарым-қатынасының сапасын жақсарту үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесі биылғы жылды Әлеуметтік әріптестік жылы деп жариялағанын атап өтті.

Әлеуметтік әріптес ретінде жұмысберуші тарапынан «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС-ның атқарушы директоры Тілек Айдаболов қатысты. Оның айтуынша, Қазақстанның энергетика саласының флагманы саналатын кәсіпорындарда  әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге жауапкершілікпен қарайды. «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС-ның кәсіподақ ұйымы 2018 жылы құрылған. Қазіргі уақытта кәсіпорында 178 адам жұмыс істейді, оның 70 пайызы кәсіподақ мүшесі.

«Жыл сайын ұжымдық шартқа өндірістік кеңестің және бастауыш кәсіподақ ұйымның ұсынымдарын ескере отырып өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі», – деді кәсіпорынның атқарушы директоры.

Жұмыс берушімен ұжымдық-келісімдік қарым-қатынастары туралы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Анастасия Ходакова толығырақ айтып берді. Оның сөзіне қарағанда жұмыс берушімен жаңа ұжымдық шарт былтыр жасалған.

«Қолданыстағы ұжымдық шартта ауқымды әлеуметтік жеңілдік, кепілдік және өтемақы кешені қарастырылған. Мысалы, еңбекшінің жұмысқа жарамсыздық парағын жыл күнтізбесінде 40 күнге дейін жұмыс беруші жүз пайыз көлемде төлейді. Жұмыс беруші біздің еңбекшілердің ипотека қарыздарын жабуға көмектеседі. Сонымен қатар, жұмыс беруші еңбеккерлерді жұмыс орнына жеткізуді қамтамасыз етеді», – деді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Кәсіподақ жетекшісінің айтуынша, кәсіпорында өндірістік үдерістегі қауіпсіздікке және жұмысшыны сауықтыруға көп көңіл бөлінеді, барлық өндірістік персонал сақтандырылған және еңбек ұжымын жыл сайын медициналық тексеруден өткізу қамтамасыз етілген.

Өз кезегінде «ШҚО энергетика еңбекшілерінің аумақтық кәсіби одағы» ҚБ төрағасы Вера Подрезова өкінішке орай, барлық саладағы кәсіпорындарда әлеуметтік әріптестер мен арадағы қарым-қатынас біртіндеп дамып жатқан жоқ деп мәлімдеді.

«Риддер ЖЭО» АҚ және «Жылукоммэнерго» МКК кәсіпорындарында ұжымдық шарттың ресмилігі басым. «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС-ға қарағанда басқа жұмыс берушілердің барлығы еңбеккерлремен байланысқа түскісі келмейді», – деді Вера Подрезова. Ол гидроэлектр стансасындағы әріптестері мен жұмыс берушіге алғыс айтты.

Видеоконференция байланысымен шыққан Шүлбі ГЭС-тің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері Шүлбі кентіндегі көлік қатынасы және кепілді медициналық қызметтің қолжетімділігі туралы өзекті мәселелерді көтерді.

Олардың айтуынша, Шүлбі кентінде барлық медициналық қызмет қолжетімді емес, ГЭС қызметкерлері басқа елдімекендердегі медицина мекемелеріне баруға мәжбүр.

«Медицналық сақтандыру қорының жарнасы өсіп жатыр, алайда медициналдық қызмет көрсету қолжетімділігі мен деңгейі өзгерген жоқ. Біздің еңбеккерлерге қажетті медициналық қызметті Семейден іздеуіне тура келеді. Шүлбі мен Семей арасында бағдарлық көлік қатынасы жоқтығы жағдайды қиындата түседі», – деді кәсіподақ мүшелері. Олар мәселені шешуде көмек сұрады.

Шығысқазақстандық әріптестерінің сұрағына жауап берген ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева гидроэлектрстанса секілді технологиялық өндіріс орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселесіне көп мән беріледі. Ол осыған байланысты еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің төлемін қайта қарауды ұсынды.

Ол әлеуметтік серіктестік жөніндегі Республикалық үшжақты комиссия отырысында әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдағанын еске салды.

ГЭС қызметкерлеріне медициналық қызметтің қолжетімділігі туралы сұраққа қатысты ҚР КФ төрағасының орынбасары осы мәселені шешу туралы ұсыным Денсаулық сақтау министрлігіне жолданатынын жеткізді.

Ол ШҚО Кәсіподақ орталығы басшылығына Семей қаласы мен Шүлбі кенті арасында көлік қатынасын шешу мәселесін таяу арада облыстық қоғамдық кеңес отырысында көтеруді тапсырды.

Гүлнар Жұмагелдиева әріптестерімен ҚР Кәсіподақтар федерациясы қызметінің өзекті бағыттары жөнінде бөлісті.

Федерация 2020-2025 жылдарға арналған қызметінің стратегиясын басшылыққа ала отырып Дүниежүзілік еңбек ұйымының конвенциясын ратификациялау жұмысын жүргізіп жатыр.

«Біз қазір ДЕҰ конвенцияларын ратификациялау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ол лайықты еңбек тұжырымдарын, әлеуметтік әділеттілікті ілгерлетуге бағытталған. Қазіргі уақытта Мәжілісте толық емес жұмыс уақыты жағдайлары туралы 175 конвенцияны мақұлдауға қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Ол белгілі бір санаттағы азаматтарға қатысты: зейнетке жасы жақындағандар, көпбалалы аналар, мүгедек баласы бар аналар. Олардың мүдделері ұжымдық шартта көрсетілуі тиіс», – деді Гүлнар Жұмагелдиева.

ҚР КФ төрағасының орынбасары жиын қорытындысында Шүлбі ГЭС-і әлеуметтік серіктестерін ұжымда еңбек қатынасының дамуында тиімді өзара қарым-қатынасы үшін алғыс білдірді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы