«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандық кәсіподақ ұйымының Атқару комитетінің мүшелерімен кездесіп, кезектен тыс өткізілген конференцияға қатысты.
Конференция барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен кәсіподақ мүшелерінің құқықтық қорғалуы, олардың әлеуметтік тұрғыдан лайықты қамтамасыз етілуі, денсаулығын сақтау мен еңбек дауларының алдын алу мен оларды шешу кәсіподақтардың негізгі жұмысы екеніне тоқтала отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Конференция барысында Бәйтерек аудандық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасы Р.Исмагуловтың аудандық кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы есебі тыңдалып, бекітілді.
Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.Исмагуловтың зейнетке шығуына байланысты, Атқару комитет мүшелерінің бірауыздан дауыс беруінің нәтижесінде аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Е.Бисакаев сайланды.
Конференцияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша қаулылар бірауыздан қабылданды.
Конференция соңында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен аудандық кәсіподақ ұйымының бұрынғы төрағасы Р.Исмагуловқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, Алғыс хатпен марапаттап, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Бисакаевқа, Атқару комитетінің мүшелеріне жақсы жетістіктер тіледі.