Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау қаралды

«Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ алаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Нұркинаның кездесуі өтті. Кездесуге Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова қатысты.

Кездесу модераторы, партияның Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айнұр Мұхамедьярова 18 ақпаннан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина Павлодар облысында жұмыс сапарымен болып, түрлі қызмет салаларының өкілдерімен кездесулер өткізгенін, еңбек ұжымдарымен кездескенін, сондай-ақ азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізгенін атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина осы кездесуде медицина қызметкерлерін қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, медицина қызметкерлерін кәсіби сақтандыру және т. б. сияқты әзірленіп жатқан заң жобалары туралы айтып берді.

Біліктілік санаттарының қолданылу мерзімінің аяқталуына қатысты проблемалық мәселелер бойынша облыстық «SENIM» кәсіподағының төрағасы түсініктеме берді, сонымен қатар, дәрігерлердің мәртебесі және медицина қызметкерлерінің қызмет саласына қатысты нормативтік құжаттардың кейбір мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, кездесуде қатысушылар медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, медициналық кадрлардың тапшылығы және т. б. мәселелерді қозғады.