«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Облдорстрой» ЖШС ұжымының кәсіподақ мүшелерімен кездесті.
Жергілікті кәсіподақтың төрағасы Али Мамедов кездесу барысында қызметкерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мен техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері түсіндірілді. Өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету керектігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді саралап, кәсіподақ мүшелері әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ашық әңгіме жүргізіп, сұрақ жауаппен аяқтады.