ҚР Мәдениет, спорт және туризм саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының төрайымы Н.Табельдинова облыстағы мәдениет саласы мекемелерінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстарын қорытындылауға және алдағы міндеттерді бекітуге арналған Алқа мәжілісіне қатысып, ортақ міндеттерді талқылады. Отырысқа Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасына қарасты барлық мекемелер, атап айтсақ, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, облыстық мекемелердің аудандық, қалалық Мәдениет үйлері мен кітапхана жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде белгіленген мәселелерді жеке-жеке талқылап, басқармаға жыл ішінде атқарылған жұмыстарына Алқа мүшелері оң баға берді.
Алқа жиынды әкім орынбасары Б.Елеусінова қорытындылап, еліміздің мәдениет саласын дамытуға арналған жаңаша бастамаларға мейлінше белсенді үлес қосуға шақырды. Еңбекте озық, жаңашылдығымен, тың идеяларымен, еңбексүйгіштігімен ерекшеленіп жүрген бір топ бастауыш кәсіподақ мүшелері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Нақты айтсақ, аудандық және қалалық мәдениет тілдерді дамыту бөлімі басшыларын Алғыс хатпен және Темір аудандық Мәдениет үйінің директоры Гульзира Калиеваны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.