Ұзақ карантиндік шектеулерден кейін Павлодар облысы Ертіс ауданының тұрғындары үшін Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының келуі нағыз мерекеге айналды. Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Ертіс ауданының білім беру қызметкерлері үшін «Алғашқы махаббат» спектаклі ұйымдастырды. Театрдың жас актерлері қойылымды кәсіби, жоғары деңгейде ойнады, актерлер бір демде мәдениет пен адамгершілікті көрсете алды.
Сол күні Президент жариялаған балалар жылында бастауыш сынып оқушыларына «Ойыншықтар» спектаклі қойылды. Балалардың қуанышында шек болмады. Зал көрермендерге толы болды. Ертіс ауданының ең шалғай ауылдарынан балалар мен ересектерге арналған спектакльдерді тамашалауға ауыл тұрғындары келді.
Алғыс білдірген көрермендер – білім беру саласының қызметкерлері мен оқушылар театрдың шығармашылық ұжымына шалғайдағы тұрғындарға көңіл бөлгендері үшін алғыстарын білдіріп, оларға гүлдену мен шығармашылық табыс тіледі.