Спорт – ұлт саулығының кепілі

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған “Әлеуметтік әріптестік жылы” аясында «Торайғыров университеті» КЕАҚ кәсіподақ комитеті студенттер, профессор-оқытушылар құрамы және университет қызметкерлері арасында спорт ардагері Михаил Воркуновты еске алуға арналған дәстүрлі шаңғы жарысын ұйымдастырды.

Михаил Воркунов өзінің еңбек жолын 1975 жылы Павлодар индустриялық институтының (қазіргі «Торайғыров университеті» КЕАҚ) дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы болып бастады, онда қырық жылдан астам уақыт оқытушыдан кафедра меңгерушісіне дейін барды. Педагогикалық қызметі барысында ол шаңғышы спортшыларды тәрбиелеген, спортқа деген адалдығы үшін «Дене шынықтыру және спортты дамытудағы еңбегі үшін» Құрмет белгісімен марапатталған.

Университет тарихында алғаш рет аталған іс-шараға «Торайғыров университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы Еркін Садықов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік пен үлкен жетістіктер тіледі және шаңғы жарысына және Президенттік тест тапсыруға жеке өзі қатысты.

Жарыс соңында қатысушылар мен жанкүйерлер ыстық кофе мен кәмпиттерден дәм татты, ал балаларға шоколад берілді.