Ағымдағы жылдың 25-26 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Орал қалалық комитеті филиалының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасында қалалық IV-ші «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді.
Спартакиада Батыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті филиалының бастамасымен және қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен дәстүрлі түрде өтіп келеді.
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған спартакиадаға Батыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы М.Даупаев, кәсіподақтың Орал қалалық комитеті филиалының төрағасы Т.Темешев және қалалық білім беру бөлімінің басшысы А.Темірханова қатысып, командаларға сәттілік тіледі.
Ұйымдастырылған спорттық-көпшілік шараға қалалық білім беру мекемелерінен 21 құрама командалары спорттың айналым жүйесі бойынша волейбол және үстелді теннис ойындарынан жарысқа қатысты.
Ептілікті сынға салған сәтте бірі жеңіп жатса, екіншісі жеңіліп жатады. Осы орайда, жиналған спортшылар өздерінің үлкен дайындықпен келгендерін байқатты.
Білікті төрешілердің саралауы бойынша спортшылар арасынан үздік ойыншылар да анықталып, арнайы ескерткіш сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
Командалық жалпы есеппен қалалық IV-ші «Денсаулық» спартакиадасында қалалық кәсіподақ тарапынан І орын иеленген Орал қалалық № 24 жалпы орта білім беретін мектебі, Орал қалалық № 46 жалпы орта білім беретін мектептері құрама командаларына 100 мың теңгелік сертификат және арнайы кубок берілді, IІ орын иеленген Орал қалалық № 10 жалпы орта білім беретін мектебі, Орал қалалық № 46 жалпы орта білім беретін мектептері командаларына 60 мың теңгелік сертификат пен арнайы кубок және IIІ орын иеленген Орал қалалық №34 мектеп-гимназиясы, Орал қалалық № 37 жалпы орта білім беретін мектептері командаларына 40 мың теңгелік сертификат пен арнайы кубоктар табысталды.