«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесінің қарсаңында «Қуанышты бала» бөбекжай-балабақшасының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.
Бүгінде балабақша ұжымында 30-дан астам мектепке дейінгі білім беру ұстаздары мен тәрбиешілері жұмыс жасайды.
Балабақшада ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, ұжым мүшелерінің еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру, еңбек демалысына шығу, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығын айқындау, салауаттылықты, қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру, денсаулық сақтауды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, ұжым мүшелеріне әлеуметтік игіліктер жасау, ұйым жұмысының тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету, басқа да құқықтық нормативтік актілерінің сақталуына қол жеткізу мақсатында жұмыс беруші мен жұмыскерлер атынан кәсіподақ арасында 5 жылға, яғни 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – Ұжымдық шарт қабылданған.
Балабақша кәсіподағының төрайымы Гүлбахрам Текеева кәсіподақ мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс жасап, ұжымдық шарттың орындалуы бойынша мерзімді есеп беріп отырады.
Қорытынды жиында кәсіподақ мүшелері қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.
Кездесу соңында білім саласының белсенді кәсіподақ мүшелеріне наградалар табысталды. Атап айтқанда, филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгісімен – «Қуанышты бала» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гүлмира Жабекова, «Құрмет грамотасымен» бақшаның тәрбиешісі Жанар Базарханова, саз жетекшісі Ақбөпе Айтбай, «Алғыс хатпен» балабақшаның тәрбиешілері Венера Айнабекова, Мәдина Қарақұлова, Гүлмира Мырзакерімова марапатталды.