Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен брифинг өтті. Брифингке Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев пен орталықтың бас маманы Майра Боранбаева қатысты.
“Еңбек даулары тәуекелдері біздің облыста да бар. Облыстық кәсіподақтар орталығымен әлеуметтік шиеленістің күнделікті мониторингі бойынша ақпарат жинақталып отыр. 2021 жыл бойы Қызылорда облысы кәсіпорындары мониторингі бойынша кәсіподақ ұйымы бар 5 кәсіпорында әлеуметтік шиеленіс тәуекелдері қалыптасқан болатын, қазірде оның 4-уі бойынша түпкілікті шешім қабылданып, шиеленіс тоқтады”, – деп атап өтті Мақсұт Нәлібаев.
Бұл мәселелер облыстық үшжақты комиссия отырыстарында қаралып, хаттамалық тапсырмалар берілген. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен тиісті алаңдарда, әлеуметтік әріптестік шеңберінде, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыстар жүргізіліп, ұсынымдар жасалды.