Ақтөбе облысының кәсіподақ орталығының жетекшісі Алтынбек Әмірғалиев 2021 жылы жол картасының жүзеге асырылуын қорытындылаған жиынға қатысты. Жиынға облыстық мәслихаттағы фракция мүшелерімен қатар, Мәжіліс депутаттары Ғ.Елеуов, А.Бердалин, С.Симонов, т.б. қатысты. Басқарма басшылары және онлайн қосылған аудан әкімдері тәуекелді іс-шаралардың жұмысына жауап берді.
Жыл қорытындысы бойынша депутаттар сайлауалды берген уәделерді орындау бойынша күш-жігерін салып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында жұмыс атқарды. Яғни, 2021 жылға қойылған жоспардың 93,3 пайызы орындалды. Қалғаны биылғы жылы мәресіне жетеді. Сондай-ақ, 2022 жылға жоспарланған көрсеткіштерді қаржыландыру мәселесіне назар аударылуда.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары 10 күн бойы қала, аудан тұрғындарына, түрлі сала ұжымдарына Мемлекет басшысы, партия Төрағасының реформалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіп, халықтың әлеуметтік сауалдарын жинақтап, партияның сайлауалды бағдарламалары мен жол карталарын одан әрі іске асыру барысы туралы ақпарат берді.