Кәсіподақ балаларға қуаныш сыйлады

Балалардың өмірінде көптеген қуанышты сәттер болады, бірақ көптеген жылдар бойы есте қалатындардың бірі – театрға саяхат.

Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының балалар жылына арналған іс-шаралар топтамасы А.Чехов атындағы облыстық драма театрында облыс мұғалімдері мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларына арналған көркем қойылымнан басталды. Көрермендер залы Ақсу қаласы, Аққулы, Тереңкөл аудандары, сондай-ақ, Май, Павлодар, Железин, Шарбақты аудандарынан келген бүлдіршіндермен және олардың ата-аналарымен толықты.

2,5 жастағы ең кішкентай көрермен залдағы барлық балалар сияқты, сахнадағы іс-әрекеттерді қызығушылықпен қарап қана қоймай, ойнап жатқан оқиғаларды эмоционалды түрде тамашалады, кейіпкерлерге жанашырлық танытты және көмектесті.

Кішкентай бүлдіршіндердің қуанышын көрген ата-аналары кәсіподақ ұйымына өз алғыстарын жеткізді.

«27 ақпан маған және балаларым үшін қызықты күн болды. Біз А.Чехов атындағы Павлодар облыстық театрында болдық. Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына ертегі мен театр әлеміне енуге мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіргім келеді!», – дейді көрермен.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры Ертіс және Ақтоғай аудандарының тұрғындары үшін қойылым ұйымдастырды, қойылым ересек көрермендерге арналған «Алғашқы махаббат» спектаклі мен балаларға тегін қойылған «Ойыңшықтар» спектаклі болды.

Сондай-ақ, ішкі құрылымдағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері қазақ музыкалық-драма театрының актерлерімен тамаша кеш өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелері мен олардың балалары үшін театрларға, мұражайларға бару арқылы мәдени-демалыс іс-шараларын жалғастырады.