Үлкенге – құрмет

2022 жылғы 1 наурыз – Алғыс айту күні Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде 16 жылдан астам көлік кәсіпорындары кәсіподақтары обкомының бухгалтері болып жұмыс істеген өңірдің кәсіподақ қозғалысының ардагері Солодухина Надежда Никифоровнаны мерейтойымен құттықтау салтанаты өтті.

Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков мерейтой иесіне көп жылғы адал еңбегі үшін Құрмет грамотасы мен сыйлық табыс етті.

Кездесуге Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының алғашқы ардагерлер ұйымының төрайымы, кәсіподақ қызметінің ардагері Мария Вабищевич қатысты.

Сонымен қатар, Алғыс айту күнінде 25 жыл Кәсіподақтар үйінде тазалық пен тәртіпті сақтап, техникалық қызметкер болып жұмыс істеген еңбек ардагері Калашникова Пелагея Ивановнаны мерейтойымен құттықтады.