«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне арналған іс-шаралар өтті.
2009 жылдан бастап жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 20 ақпанда Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні атап өтіледі.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттер бұл күнді әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал ететін іс-шараларды ұлттық деңгейде өткізуге арнайды. 2022 жылы Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні «Ресми жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу» ұранымен өтуде.
Әлеуметтік әділеттілік – бұл елдердің өзінде де, әртүрлі елдер арасында да бейбіт және гүлденген өмір сүрудің негізгі қағидасы.
Осы бағытта жұмыс істейтін негізгі құжаттардың бірі – Жұмыспен қамту, әлеуметтік диалог және негізгі қағидаттар және жұмыс орнындағы құқықтар арқылы барлығы үшін әділ нәтижелерге қол жеткізу кепілдіктеріне баса назар аударатын әділ жаһандану мақсатындағы әлеуметтік әділеттілік туралы Декларация.
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне арналған іс-шараларға белсенді қатысты.
Павлодар медициналық жоғары колледжінің кәсіподақ комитеті колледж қызметкерлерімен және студенттерімен кездесу ұйымдастырды, онда оларға презентация ұсынылды және еңбек қатынастары саласында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын жасау және оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Павлодар қ. № 5 емхананың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы мен заңгері ұжымға қауіпсіздік техникасы және оның талаптарын үнемі орындаудың маңыздылығы туралы, кәсіподақ комитетінің емхана қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын тұрақты бақылауы туралы, қызметкерлерді қорғау құралдарының болуына мониторинг жүргізу туралы айтып берді.
Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын тексеруге, жұмыс орындарын сақтауға, қауіпсіз және ыңғайлы еңбек жағдайларын жасауға назар аударды.
Әлеуметтік әділеттілік -адамдардың бейбіт қатар өмір сүруі мен әл-ауқатының кепілі, кедейлікті жоюға, адам құқықтары мен бостандықтарын кемсітудің алдын алуға мүмкіндік береді.