«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да зауыт басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымы арасында жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды.
Маңызды құжатқа жұмыс беруші тарапынан зауыт президенті Серік Дөнбекбаев және жұмыскерлердің мүддесін білдіретін кәсіподақ комитетінің төрағасы Александр Клименко қол қойды.
Ұжымдық шартта зауыт қызметкерлері үшін бұрын қолданыста болған әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер сақталып қана қоймай, жұмыскерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға тиіс қағидатты жаңа ережелер енгізілді.
Шарттың жаңа тармақтары:
Әйелдер үшін кемінде 2 жыл жұмыс стажы кезінде жүктілігі және босануы бойынша демалысқа кетер алдында күнтізбелік 24 күн қосымша әлеуметтік ақылы демалыс беру:
Бала туғаны (асырап алғаны) үшін 75 мың теңге мөлшерінде төлем;
2 жылдан астам жұмыс істеген қызметкерлер үшін демалысқа қосымша күндер;
1 қыркүйекке қарай көп балалы қызметкерлерге және мүгедек балаларға 20 мың теңге көлемінде төлем;
Қызметкерлерге кемінде 5 жыл үздіксіз жұмыс өтілі кезінде 50, 55, 60 жасқа толған кезде 60 мың теңге мөлшерінде төлем;
Асырауында мүгедек балалары бар қызметкерлерге ай сайынғы 10 мың теңге жәрдемақы;
Бір ай және одан да көп уақытқа созылған ауруларға байланысты бір жыл және одан да көп жұмыс өтілі бар қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша айлық жәрдемақыға 80 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
Ұжымдық шарттың құқықтық құндылығы қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбек кодексінде және еңбек заңнамасына байланысты өзге де нормативтік актілерде реттелмеген мәселелерді, сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің мүдделі тараптарының мүдделеріне байланысты мәселелерді тиімді шешу мүмкіндігін іске асыру болып табылады.