8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай “БҚО әкімдігі ДСБ” Ақжайық аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК ұйымдары мен ұжымы арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысты БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ “Ақжайық аудандық ауруханасы” МКК төрайымы Л.Махметова бастаған бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.
Жарысқа Ақжол а/о, Жаңабұлақ а/о, Тайпақ а/о, М.Әуезов ат. ЖОББМ, №1 ЖОББМ, Ақбота балабақша командасы, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы командасы, Аудандық жұмыспен қамту орталығы командасы, Балалар жасөспірімдер спорт мектебі командасы, Ақжайық аудандық аурухана командасы қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Махамбет Кусаинов және Мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларды келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысында аудандық аурухананың директоры Алмас Жүнісбеков қатынасқан нәзік жандыларға ұйымдастыру алқасының атынан ризашылығын білдірді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық аурухананың кәсіптік одағының ұйымы атынан медаль, дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, “SENIM” БҚОФ төрағасы Махамбет Какимұлы филиал атынан “SENIM” кәсіподағының мүшелері болып табылатын Ақжайық аудандық ауруханасының барлық қатысушыларына сыйлық сертификаттарын табыс етіп, бұдан да үлкен жеңістерге жетуді тіледі!