Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының Үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды “Әлеуметтік әріптестік жылы” деп жариялауына сәйкес өңірде әлеуметтік әріптестермен өтетін іс-шаралар маңыздылығы айқындалып, жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақ мүшелерінің әдеп жөніндегі кодексінің қабылданғаны атап өтілді.
Жиын барысында 2022 жылдың 9 ақпан күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен елдегі кәсіподақ ұйымдарының қызметіне қатысты өткізілген жиналыстағы хаттамалық тапсырмалар туралы БҚО Кәсіподақтар орталығы төрағайымының орынбасары Б.Атауов айтып өтті.