8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында қиын әрі күрделі мамандық өкілі анестезиолог-реаниматологпен таныстырғымыз келеді.
Анестезиолог-реаниматолог мамандығы клиникалық медицинадағы ең маңыздыларының бірі. Бұл медицинаның әртүрлі салаларында ауқымды білімі бар және наркоз жасайтын және одан шығудың барлық әдістерін кәсіби меңгерген кәсіби маман. Себебі, бұған адам өмірі байланысты және анестезиолог қателік жіберуге құқығы жоқ.
Анестезиолог – реаниматолог мамандығы «күшті» нервтерді және стресс жағдайына төзімді болуды талап етеді. Жасыратыны жоқ, ересек немесе бала болсын, науқас пациенттерге қарау өте қиын. Анестезиолог-реаниматолог ретінде өз кәсібіне берілген адам ғана жұмыс істей алады. Реанимацияда ауыр науқастардың төсегінің жанында түні бойы отыра алатын, қиындықтан қорықпайтын дәрігер ғана анестетика препараттармен жұмыс істей алады.
Павлодар облыстық ауруханасы анестезиология-реанимация бөлімшесінің дәрігері Ғалия Әлжанова осындай қасиеттерге ие. Дәрігер SENIM денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Павлодар облыстық филиалының мүшесі.
Ғалия Махмұтқызы Павлодар қаласында туып өскен. 1982 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын Емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдаған. 1982 жылдан 1983 жылға дейін Павлодар облыстық ауруханасында анестезиология-реанимация мамандығы бойынша интернатураны оқыды. Интернатураны аяқтағаннан кейін Чернорецк ауылының Павлодар аудандық ауруханасында дәрігер анестезиолог болып жұмысқа кірісті. 1985 жылы Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып қабылданды, сонда қазірге дейін тоқтаусыз жұмыс істеп келеді.
Ғалия Махмұтқызы жоғары санатты дәрігер, жоғары білікті маман. Анестезиология және реанимациядағы шұғыл жағдайларды диагностикалау және емдеу мәселелерінде білімі жоғары. Жас мамандарды даярлау және тәрбиелеуде көп жұмыс жүргізі.
Ғалия Махмұтқызы кәсіби біліктілігін арттыруға да көп көңіл бөледі. Шетелдік және отандық оқыту сертификаттары бар. Конференция, семинар жұымыс мен шеберлік сабақтарына белсенді қатысады.
Ұзақ жылдар бойы Г. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың анестезиология-реанимация бөлімінде жұмыс істеді. Ғалия Махмұтқызы ұстаздарының ең үздік дәстүрлерін жалғастырып, дамытуда. Бұл – жоғары жауапкершілік және жақсы нәтижеге, жаңалыққа ұмтылыс деуге болады.
Әріптестер мен пациенттер арасында үлкен беделге және құрметке ие. Оның бойындағы кәсіби қасиеттері қарапайым, ақыл, пациенттер мен әріптестерге деген құрмет және ықыласпен үйлеседі.
Ғалия Махмұтқызы өзінің еңбек жолында Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, аурухана әкімшілігінің наградаларымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында көп жылғы еңбегі, өз кәсібіне адалдығы, COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін Ғалия Махмұтқызы «Халық алғысы» медалімен марапатталды.