8 наурыз халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында SENIM денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы үздік бейне құттықтауға конкурс жариялады.
3 наурызда конкурстық комиссия ұсынылған 15 өтінімді қарап, жеңімпаздарды анықтады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы байқауы бойынша 1-орын иеленген Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Қарағанды қаласының балалар ауруханасы 150 мың теңге жүлде сертификатымен марапатталды.
2-ші орын алған Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Осакаров ауданының орталық аудандық ауруханасы 100 мың теңге жүлде сертификатын иелендді.
Байқаудың 3-ші орын алған Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Х.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасы 50 мың теңге жүлде сертификаты еншіледі.
4-ші орындағы конкурстың барлық қатысушыларына 10 мың теңгелік сертификаттар тапсырылды.