Бүгін, 9 наурызда Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясында ҚР КФ төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева Фридрих Эберт атындағы қордың өңірлік директоры Кристофер Мормен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелесі талқыланып, 2022 жылдың жоспары белгіленді.
Гүлнар Жұмагелдиева қордың өкілдеріне бірлесіп қолға алынған жобалар мен ұзақмерзімді ынтымақтастық үшін алғыс айтты.
Төрағаның орынбасары қонақтарды Кәсіподақтар федерациясының заңнаманы жетілдіру аясындағы қызметімен және әлеуметтік-еңбек мәселелеріндегі ҚР КФ бастамаларымен таныстырды.
Кристофер Мор өз кезегінде Кәсіподақтар федерациясы мен Фридрих Эберт атындағы қор арасында жемісті және тығыз қарым-қатынастың орнағанын атап өтті.
Тараптар биыл генлдерлік теңдік мәселелері мен жастар жобалары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып білім жобасын іске қосу және тәжірибелерді талдау негізінде еңбек дауларын шешу жолдарын әзірлеу жоспарланып отыр.
ҚР КФ германиялық әріптестеріне диалог пен ынтымақтастық үшін әрқашан ашық әрі әзір болатынына сендірді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы медиаорталығы