8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында салтанатты іс-шаралар өтті.
8 наурыз мерекесіне Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы мен Павлодар медициналық жоғары колледжінің ерлер қауымы өз ұйымдарында кәсіподақ комитеттерімен бірлесіп мерекелік концерттер ұйымдастырып, өткізді. Концерттер бір деммен өтіп, көрермендерге жағымды эмоциялар мен әсер қалдырды. Ұйымдардың кәсіподақ комитеттері әйелдер қауымының бірде-бір өкілін гүлсіз және сыйлықтарсыз назардан тыс қалдырмады.
Павлодар қаласының № 4 емханасында емхана бөлімшелері арасында музыкалық байқау өткізілді, байқау қорытындысы бойынша салтанатты түрде жүлделі орындарға ие болған барлық бөлімшелер бағалы сыйлықтармен, ал емхана қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Шарбақты аудандық ауруханасында «Кемелдік аруы» байқауы өтті. Салтанатты түрде байқаудың барлық қатысушылары бағалы сыйлықтармен және гүлдермен марапатталды, сондай-ақ аурухана ұжымының барлық әйелдеріне жағымды сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.
Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы, «Семей медицина университеті» КЕАҚ Павлодар филиалы және Павлодар қ. № 5 емханасының кәсіподақ комитеттері ұйым басшылығымен бірлесіп, нәзік жанды әріптестерін құттықтап, құрмет грамоталарын, гүлдер, сертификаттары мен сыйлықтарын табыс етті.