Жеке еңбек дауларын шешу тәртібі талқыланған семинар өтті

Кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыты кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау және еңбек дауларының алдын алу болып табылады.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің диалог алаңында «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы филиалының бастамасы бойынша Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің келісу комиссияларының мүшелерін оқыту мақсатында «Жеке еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға қатысушылардың құрамында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде құрылған келісім комиссияларының 100-ден астам мүшесі оқытудан өтті. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде семинар жұмысына Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Семинарды білім беру қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау үшін кәсіподақтардың маңыздылығын атап өткен «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы Сәбира Сейітова ашты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының басшысы, сот жүйесінің ардагері, кәсіби медиатор М.Иванова келісім комиссиясының құрылуы мен жұмыс тәртібін, еңбек шартын тоқтату мәселелерін түсіндірді, еңбек дауларын шешуде медиацияны қолдану, қолданыстағы әдістер, келіссөздер арқылы даулы жағдайларды кезең-кезеңімен шешу туралы айтты.

«Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» ММ директоры М.Мәмбетова: «Оқыту ең жоғары деңгейде, кәсіби және қолжетімді, кейстік міндеттерді пайдалана отырып, теориялық материалды зерделеуді және еңбек дауларын шешудің сот тәжірибесімен таныстыруды қамтамасыз етті», – деп атап өтті.

Оқыту нәтижелері бойынша барлық қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар және практикалық жұмыста қолдану үшін үлестірме материалдар берілді.