«СНПС-АйДанМұнай» акционерлік қоғамының кәсіподақ ұйымы ұжымдағы нәзік жандыларды көктем мерекесімен құттықтады.
«Компанияда кәсіподақ ұйымы құрылғанына үш жыл болды. Еңбек ұжымының ер азаматтары атынан кәсіподақ аруларын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтау жылдағы дәстүрімізге айналды. Құрметті аналар, әпкелер, қарындастар, Сіздерді көктемнің керемет мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Гүлдей жайнап, күндей жарқырап жүре беріңіздер!», – деп тілегін білдірді мерекелік басқосуда компанияның кәсіподақ ұйымы төрағасы Алмас Нұрғалиев.
Мерекелік құттықтауда жұмыскер әйелдерге бағалы сыйлықтар табысталды. Әріптестірінің ілтипатына бөленген әйелдер қауымы еңбек ұжымының ауызбіршілігін атап өтіп, кәсіподақ ұйымының мерекелік құттықтауларына ризашылықтарын білдірді.