«Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы филиалының бастамасы бойынша Павлодар облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі біркүндік оқыту семинары аясында Павлодар қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің келісім комиссияларының мүшелерін оқытуды өткізді.
Қатысушылар құрамында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары және 100-ден астам келісім комиссияларының мүшелері болды.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы С.Сейітова семинарды аша отырып, еңбек дауларының алдын алу мақсатында келісім комиссиялары мүшелерінің құқықтық білімін үнемі арттыру қажеттігін атап өтті.
Семинарға қатысушылар келісім комиссиясының жұмысын құқықтық реттеу, еңбек дауларының пайда болу себептері және оларды шешу мәселелерін қарастырды, Павлодар облысы соттарының білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен еңбек даулары бойынша шешімдерімен танысты, еңбек шартын тоқтату және еңбек дауларын шешуде медиацияны қолдану, даулы жағдайларды келіссөздер арқылы кезең-кезеңімен шешу мәселелерін зерттеді.
Спикер ретінде Павлодар қалалық сотының судьясы В.Шевченко, ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова, «Павлодар облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті» ПМУ басшысының орынбасары А.Мұхамедова, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар филиалы басшысының орынбасары Н.Дүйсембаева сөз сөйледі.
Интерактивті оқыту практикалық кейстік міндеттерді талдаумен жалғастырылды.
Оқыту нәтижелері бойынша барлық қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар және практикалық жұмыста қолдану үшін үлестірме материалдар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушылардың бірі «Павлодар қаласы №49 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК директоры Ж.Смағұлова оқыту семинарының жоғары сапасы үшін ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғысын білдірді.