Түркістанда кәсіподақ төрағалары бас қосты

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла Кентау қалалық кәсіподақ төрағаларымен кезекті жиналысын өткізді. Жиналыс барысында облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла күн тәртібінде тұрған барлық мәселелерді қатысушылармен қызу талқылады.


Кездесу барысында төраға өз баяндамасында өткен жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Кентау қалалық кәсіподақ құрамына кірген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы, білім беру ұйымдарында жасалған ұжымдық келісімшарттар және жыл бойы өткізілген семинарлар мен білім қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында берілген заңдық кеңес есептері жайлы айтып кетті.

Облыстық кәсіподақ қызметінің есебі тыңдалған соң кәсіподақ төрағалары білім саласы қызметкерлерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Сөз алғандар қозғалған мәселелерді талқылай отырып, қалалық кәсіподақ қызметін ілгерілету жайында өздерінің ұсыныстарын білдірді.