Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимаратында “Elorda Eco System” кәсіпорнының өндірістік жұмысшыларының төмен еңбекақы мөлшеріне қатысты үндеуі қаралған кездесу өтті.
“Elorda Eco System” кәсіпорнының жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Хасенов және бастамашыл топ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Т. Құлұшевпен кездесті.
Сонымен қатар, кездесуге Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіподағы “Астана” қалалық филиалының төрайымы Т. Мадьярова, “Elorda Eco System” МКК бас директоры А. Далкеев, “Elorda Eco System” МКК бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Г.Байқуатова және кәсіпорын басшылығының басқа да өкілдері қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар келісімге келді. Кәсіпорын басшылығы өндірістік персоналдың жалақысын үш ай ішінде 50 пайызға арттыру туралы шешім қабылдады.